АМАНҚАРАҒАЙ СЫРТҚЫ ОКРУГІ

АМАНҚАРАҒАЙ СЫРТҚЫ ОКРУГІ — Ресей империясының билігі кезіндегі әкімшілік-территориялық бөлік. “Сібір қазақтары туралы жарғы” негізінде құрылып (30. 8.1834), Омбы обл-ның құрамына енді. Бұл қазақ даласында ұйымдастырылған 7- округ еді. Дуаны Ащылы өзек шебінің Пресногорьков қамалынан 250 км жерде орналасқан. Аға сұлтаны болып Уәлиханұлы Шыңғыс төре, орынбасарлығына Жұмаұлы Оқап төре, қазылары болып керей- ден Естемесұлы Есеней би, арғыннан Жанұлы Жазы би сайланды. Құрамына 16 (самай керей, сыбан керей, еменәлі керей, матақай керей, көшебе керей, кұрсары керей, баржақсы уақ, байдалы уақ, ажар уақ, жансары уақ, шайкөз уақ, шағын уақ, күрлеуіт қыпшақ, ұзын кыпшақ, тағашы арғын, қанжығалы) болыс енді. Тұрғындарының саны 14357 адам (4376 шаңырақ) болды. А. с. о. 1867 — 68 жылдардағы реформадан кейін таратылды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *