АМАНИЯЗОВ Құрбан (22.4. 1932 ж. т., Түрікменстан, Красноводск) — ғалым, геол,- минералогия ғыл. докт. (1968), проф. (1970). Түрікменстан ҒА-ның корр. мүшесі (1981). Балалық, жастық шағы Маңғыстауда өткен. Түрікменстан ҒА-ның Геология ин-тының аға ғыл. қызметкері, директордың ғылым жөніндегі орынбасары (1960 — 68), Түрікмен мемл. ун-тінің физ.-геогр. кафедрасының проф. (1968 — 81), Геол. ин-тының директоры (1981—88), Түрікмен политех. ин-тының кафедра меңгерушісі (1988 — 92), Түрікменстан ҒА-ның Каспий теңізі экологиясы лабораториясының меңгерушісі (1992 — 95) болды. 1995 ж-дан Ақтау ун-тінің кафедра меңгерушісі. А. — Тұран аймағының мұнай, газ, көмір, күкірт, тұз, т.б. кен байлықтары, Копетдаг, Балқан, Гиссар тауларының, Үстірттің және Каспий т-нің геологиясы туралы жазылған бірнеше ғылыми еңбектің авторы. Ол Абайдың қара сөздерін, қазақ ертегілерін түрікмен тіліне аударған.