АМАНЖОЛОВ Садық Аюкеұлы

АМАНЖОЛОВ Садық Аюкеұлы (1885, қазіргі Алматы обл. Шелек ауд. Қаратұрық а. — 5.12.1941, Ташкент) — Алаш қозғалысының қайраткері. Верный (Алматы) ер балалар гимназиясын (1902), Қазан императорлык ун-тінің заң ф-тін (1907) бітірген. 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін Жетісу облысының (Аягөз, Үржар) заң орындарында қызмет атқарды. Үржар уезі қазақ к-тінің төрағасы болды. 1-жалпықазақ съезі (Орынбор, 21 — 26 шілде 1917 ж.) А-ты Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутат етіп бекітті. Съезден соң ол “Алаш” партиясының Жетісу өңіріндегі жергілікті ұйымдарын құруға белсене араласты. 2-жалпықазақ съезі А-ты Алашорда үкіметі — Ұлт Кеңесіне мүше етіп сайлады. Жетісуда және Шыңжаңның Шәуешек қ-нда Алашорда жасақтарын құруға басшылық жасады. Кеңес әскерлерімен болған шайқастарға қатысып, ауыр жарақаттанды. 1923 — 30 ж. Қазақ АКСР-ы Заң халкоматы жүйесінде қызмет атқарды. 1930 ж. Қазақстаннан кетуге мәжбүр болып, Мәскеуде, Бішкекте, Ташкентте жұмыс істеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *