АМАЛЬГАМА (лат.amalgyama— қорытпа) — құрамында қымбат металл қоспасы бар сынап қорытпасы. Ол металға сынап жаққан кезде, яғни сынаптың металда диффузиялануы нәтижесінде түзіледі. Құрамындағы сынап пен металдың арақатынасына қарай А. сұйық, жартылай сұйық немесе қатты күйде болады. А-дағы сынап қалдығы арнаулы сүзгі арқылы қысыммен шығарылып тасталады. Қатты А. қыздырған кезде құрамды бөліктерге ыдырайды (қалып қойған металл сынап қалдықтарынан келесі балқыту кезінде тазарады). А. металл бұйымдарға алтын жалатуда, айна жасауда, тіс емдеуде, кен жыныстарынан кейбір асыл және түсті металдарды екшеп алу кезінде қолданлыады.