АЛЮМИНТЕРМИЯ

АЛЮМИНТЕРМИЯ (лат. Aluminium — алюминий және грек. therme — жылулық) — металл тотықтарын алюминиймен тотықсыздандырып, таза металл және қорытпалар алу процесі. А-ды 1859 ж. орыс ғалымы Н.Н. Бекетов, ал пештен тыс жүретін А. процесін 1898 ж. неміс химигі Г. Гольдшмидт ашқан. А-дың пештен тыс процесі тотықсыздандыру реакциясы өтіп жатқан кезде бөлінген жылу сұйық күйдегі реакция өнімдерін алуға, олардың жақсы ажырауына жеткілікті болған жағдайда жүргізіледі. Электр пешіндегі процесте ұнтақ материалдан тұратын шихта қорыту шахтасына немесе тигельге салынып, тұтандырғыш қоспа көмегімен тұтатылады. Егер жылу жеткіліксіз бөлінсе, онда шихтаға қосымша қыздырғыш қоспа салады немесе шихта электр доғалы пеште балқытылады. Бұл процесс өндірісте кең қолданылады. А. — аз көміртекгі қоспалауыш қорытпаны, қиын тотықсызданатын металдарды (титан, ниобий, цирконий, бор, хром, кальций, марганец, вольфрам, барий) алуда және құйма болаттан жасалған бөлшектер мен рельстерді балқытып біріктіруде тиімді әдіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *