АЛЮМИНИЙ КЕНТАСТАРЫ

АЛЮМИНИЙ КЕНТАСТАРЫ — өндірістік мақсатта алдымен алюминий оксидін (А12О3), кейін электролиз жолымен алюминий алуға жарамды минералдық шикізат.
Жердің беткі қабаты — литосфера 8,2% алюминийден тұрады. Алюминий мөлш. жағынан оттек (46,6%) пен кремнийден (27,7%) кейінгі 3- орында. Алюминий 500-ге жуық минералдардың құрамында кездеседі. Олардың 300-дейі алюмосиликаттар, 76-сы фосфаттар, 47-сі оксидтер, 33-і сульфаттар, 12-сі фторидтер, 5-еуі хлоридтер. Негізгі А. к.: диаспор, гиббсит, бёмит, диккит (каолинит), алунит, нефелин, лейцит. Бұл минералдардың алғашқы үшеуі боксит тау жынысын құрайды, ал қалғандары алюмосиликаттарға жатады. Дүн. жүз. тәжірибеде алюминийдің 75 —80%-і бокситтен өндіріледі. Боксит емес кентастардың ішіндегі геол., экологиялық және эконом. жағынан тиімдісі — нефелин-лейцит кендері. Олардың Қазақстан жерінде мол қорлары ашылған. Нефелин-лейцит жыныстарынан алюминий оксидінен басқа 30-дан аса бағалы заттар: сілтілі элементтер (К, Nа, Li, Rb, Сs), сондай-ақ сирек металдар: (Zr, Gа, Sс, Nb, Та, Lа, Се, т.б.) алынады. Қазақстанда А. к. Торғай боксит аймағында өндіріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *