АЛТЫНСАРИН МҰРАЖАЙЫ

АЛТЫНСАРИН МҰРАЖАЙЫ — Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық-педагогикалық мұражайы, ғылыми-мәдени мекеме. 1976 ж. Арқалық пед. ин-ты жанынан қоғамдық негізде ашылған. Мұражайда, негізінен, ұлы педагогтың еңбектері, көркем шығармалары мен оқулықтары, ресми құжаттар, заттай айғақгар қойылған. Алтынсарин мектептерінен білім алған торғайлықтар мен олардың ғалым ұрпақтары туралы материалдар, аймақтағы Алтынсарин мектептерінің орналасу жүйесін көрсететін схема-диаграммалар бар. Мұражайдағы материалдар Алтынсариннің ағартушьшық идеялары мен нақты атқарған жұмыстары, оқу процесін ұйымдастыру, сабақ өткізу әдістемелері хақында толық мағлұматтар береді, дүние жүзінің озық ойлы педагогтары мен пед. ағымдарымен таныстырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *