АЛТЫНСАРИН МҰЗДЫҒЫ

АЛТЫНСАРИН МҰЗДЫҒЫ — Жетісу (Жоңғар) Алатауының солт. беткейінде Қора өз-нің бастауында орналасқан тау аңғарлық мұздық. Негізгі бөлігі Алтынсарин шыңының беткейінде жатыр. Ұз. 1,8 км, ашық бөлігі 1,3 км, ауд. 1,0 км2. Мұздықтың ең биік нүктесі 3810 м, ең төм. нүктесі 3250 м, фирн сызығы 3450 м биіктікте. Мұзының жалпы көл. 0,064 км3, пішіні жарты ай тәрізді. Аум. жылдан-жылға кішіреюде. 1950 — 52 ж. мұздықты Қазақстан ҒА география секторының экспедициясы зерттеген. Мұздықка Ы. Алтынсарин есімі берілген (1952).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *