АЛТАЙ РАУҒАШЫ (Rheum altaicum) — тарандар тұқымдасының рауғаш туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Алтай, Тарбағатай, Сауыр тауларының қиыршық тасты бектейлерінде, бұталар арасында, шалғынды жерлерде өседі. Биікт. 1 м-дей, тамыры жуан, сабағы тік тілімденіп келген. Жапырақтары үшбұрышты, бүгін жиекті, тамыр маңындағы жапырақтары өте ірі болады. Ұсақ сары түсті гүлдері тығыз жіңішке келген гүл шоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым — тамыз айларында гүлдейді, қыркүйекте жеміс береді. Жемісі — домалақ, қара түсті жаңғақ. А. р. — тағамдық, дәрілік өсімдік. Таралу аймағының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.