АЛМАТЫ ЭТАЛОН ЗАУЫТЫ — сапалы өлшеу приборлары мен аппараттарын жасайтын және жөндейтін кәсіпорын. Зауыт алғаш таразы жөндеу цехы болып құрылған. 1946 ж. өлшеу техникасын жасау және жөндеу жұмысымен айналыса бастады. 1971 ж. стандарттау және метрология лабораториялары мен орталықтарын жабдықтайтын үлгілі өлшеу аппараттарын жасауға кірісті. 1981 ж. кәсіпорында ТУ-204, ИЛ-86, ЯК- 42 ұшақтарының электронды блоктарын (ауа қысымын реттегіштерін, айналым сигнализаторларын, басқа да блоктарын) шығара бастады. Осы тұста зауытта жасалған ыстық денелерді өлшейтін қондырғы (УТТ — 6-В МА), термостат (ТВ ІМ), колориметрлік қондырғы (В — 08 МА) дүние жүзінің 20-дан астам еліне экспортқа шығарылады.
Зауыт 90-жылдары өнеркәсіп салаларына (металлургия, энергетика, мұнай-химия, көмір және газ өнеркәсібіне) арналған ыстықты өлшейтін эталондық приборлар шығаруға маманданып, кәсіпорында автоматты жобалау және электронды модельдеу жүйесі енгізілген. Зауыт 1993 ж. акцион. қоғам болып қайта құрылды.
А. э. з. ТМД елдерінің, Ресейдің эталондық және үлгілі бұйымдар жасаушыларымен, “Ғылым” (Мәскеу) ғылыми- өндірістік бірлестігімен, “Жылу-физика приборлары” акцион. қоғамымен, Бүкілресейлік физик.-тех. және радиотех. өлшеу ғыл.-зерт. ин- ты мемлекеттік кәсіпорнымен, Д.И. Меңделеев атынд. Метрология ғыл.-зерт. ин-тымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан.