АЛМАТЫ ЭСТРАДА-ЦИРК ӨНЕРІ КОЛЛЕДЖІ

АЛМАТЫ ЭСТРАДА-ЦИРК ӨНЕРІ КОЛЛЕДЖІ — эстрада-цирк өнерінің республикалық студия-шеберханасы. 1965 ж. Қазақконцерттің жанынан Г. Ғалиева ұйымдастырған. Әуелі эстрада-цирк студиясы деген атпен жұмыс істеді. 1995 жылдан Ж.Елебеков атынд. Алматы эстрада-цирк өнері колледжі. Эстрада және цирк артистерін даярлайды. Оқу мерзімі 2 жыл. 9 бөлім бар: актерлік, мәнерлеп оқу, қуыршақ, цирк, хореогр., вокал мен хор, эстрадалық вокалдық, эстрадалық аспаптық және халық аспаптық. Колледжде кезінде Ж. Елебеков, Ғ. Құрманғалиев, кейін Н. Шәріпова, Б. Жылысбаев, К.Кенжетаев, Ж. Кәрменов, Қ. Байбосынов, 3. Қойшыбаева, Л. Кесоглы, Б. Омаров, Р. Рымбаева, Б. Преображенский, т.б. дәріс берді. Колледж түлектері “Гүлдер” ансамблі (1969), Қазақ циркі (1970), “Фройндшафт” неміс ансамблі (1975), “Шертер” (1977), “Гәкку” (1978), т.б. өнер ұжымдарын ұйымдастырды. Қазақ өнерінің белгілі қайраткерлері Ж. Кәрменов (1948 — 92), Қ.Байбосынов, С. Шүкіров, С. Қабиғожина, Н. Есқалиева, С. Жанпейісова, Б. Сәмединова, А. Нұрмағамбетова, Балтабек және Раиса Жұмағұловтар осы колледждің түлектері. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *