АЛМАТЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ (АТИ), Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің құқық қорғау органдарының, мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Ин-т Алматы өрт сөндіру тех. уч-щесі (28.4.1973) негізінде құрылған. ҚР Ішкі Істер мин-гінің қаулысымен 1993 ж. Алматы жоғары тех. уч-щесі 1998 ж. Алматы тех. ин-ты болып қайта құрылды. Ин-т Өрт қауіпсіздігі, автоматика, телемеханика және байланыс, жол қозғалысын ұйымдастыру, өндіріс экон. және менеджмент мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. Сырттай оқу бөлімі бар. 27 ғыл. канд. дәріс береді. 1973 — 97 ж. аралығында 4228 маман даярланды. Ин-ттың күндізгі бөліміне 17-ден 25 жасқа дейінгі денсаулығы әскери қызметке жарамды жігіттер, сырттай оқу бөліміне 40 жасқа дейінгі ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.