АҚТАУ ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ

АҚТАУ ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ — мұнай-химия өнімдерін шығаратын ірі акционерлік кәсіпорын. Ақтау қ-нда орналасқан. Негізі 1981 ж. қаланды. Қазақстанда полистрол, стирол пластиктерінің барлық түрлерін өндіретін бірден-бір ірі кәсіпорын. Полистролдан жылу, дыбыс өткізбейтін материалдар, автокөлікке қажетті тетіктер жасайды. Кәсіпорында өндіретін полистролдың кейбір түрлері құрылыста энергия үнемдеу технологиясына пайдаланылады. АҚ әлемдік рынокқа сапалы тауар бергені үшін А. ө. б. 1993 ж. Мадридте “Еуропа Аркасы” сыйлығын, ал 1994 ж. Копенгагенде халықар. кәсіпкерлер одағының “Әлемнің алтын глобусы” сыйлығын алды. Оның өнімдері Италия, Түркия, Германия, Қытай, Иран, Ресей, Украина, т.б. көптеген елдерге шығарылады. Ақтау қ-нда шығатын полистрол, стирол өнімдері сұранысқа сай жыл сайын 3-4 процентке өсіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *