АҚЫРТАС

АҚЫРТАС — ескі құрылыс 235 орны. Тараз қ-ның шығысында 40 км жерде. Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты А. деп аталған. Ол алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салынған. Қазіргі кезде қабырғаларының сақталған сілемдері 160,146 және 140 м шамасында. Қабырғаларының қалыңд. 40x70x70 (80) см. Ірі тас блоктардан қаланған. Қорғанның4 қақпасы бар, біреуі солт-нде, үшеуі оңт-нде. Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегіне топтастырыла салынған қызмет көрсететін және шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады. Ауланың түпкі жағында (оңт. есік жақтағы А. иесінің жатын және қонақ үйі орналасқан. Солт. есік жақтағы үйлер қызмет ететін адамдар мен күзетшілерге, бір бөлегі ат қораға арналған. Су қоймасы бар орт. аула, қорған әскерлерінің алаңы, жарлықтар жарияланатын арнаулы орын немесе діни рәсімдер, атқарылатын орын болған. П.И. Лерх А. салынып бітпеген будда ғибадатханасы десе, акад. В.В. Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтады. Сәулетші Т.К, Бәсеновтың жазуына қарағанда, А. — салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі. 1996 жылғы зерттеулер барысында Қазақстан және Франция ғалымдары А. 8 — 11 ғ-ға жататын Керуен сарайдың орны болуы мүмкін деген тұжырымға келді. Өйткені құрылыс жобасы Ирак пен Сириядағы ортағасырлық құрылыстарға ұқсас. А. 8 ғ-дың 2-жартысында, яғни 751 ж. қарлұқтар мен араб әскерлері Атлах маңында Қытай әскерлерін талқандап, екі мемл. арасында бейбіт қатынас орнаған кезде салына бастауы мүмкін. Бірақ құрылыс белгісіз себептермен тоқтап қалған. Араб деректеріндегі (ибн Хордадбех, ибн Кудам) Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Касрибас осы А. болуы мүмкін. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *