АҚШӘУЛІ — Шығыс Қазақстан обл-ның Аягөз ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығынан оңт.-шығысқа қарай бетеге, қарашілік, бұта өскен дала белдемінде орналасқан. Жақын т.ж. стансасы — Аягөз (105 км жерде). Тұрғыны 2,7 мың адам (1997). Бұрынғы кеңшар негізінде “Ақшәулі” жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді. Ауылда клуб, емхана, аурухана бар. Тұрғындары елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.