АҚШЕЛЕК

АҚШЕЛЕК (Аnthraх) — жұқпалы ауру. Онымен барлық жануарлар, сондай-ақ адамдар да ауырады. Ұсақ малдарда (қойда) топалаң, жылқыда жамандат, түйеде қарабез, адамда күйдіргі немесе түйнеме жара деп аталады. Қоздырушысы — Bacillus anthracis, спора түзетін таяқша тәрізді бацилла. Аурудың таралуына ауырған мал мен өлген мал- дың өлексесі себеп болады. Сондықган ауырған малды тез оқшаулап, өлексені жедел жою керек. Ауырып өлген малдың микробтары тарап кетпеуі үшін жарып көруге тыйым салынады. Табиғи жағдайда малға А. қан сорғыш жәндіктер, тышқан тектес кемірушілер (топырақ астындағы микробтың жер бетіне шығуына байланысты) арқылы жұғады. Микроб тері арқылы денеге өткен жағдайда теріде күйдіргі жара пайда болады. Ал ауру ас қорыту жолы арқылы жұқса, сол органдар дертке шалдығады. Көбінесе, ауру сепсис түрінде байқалып, өте жіті түрде өтеді де, малдың тез арада өліп кетуіне әкеп соғады. Алдын алу үшін СТИ-1 вакцинасы, (орыс ғалымы Н.Н. Гинсбург ашқан) емдеу үшін иммунді сарысу мен антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин) қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *