АҚШАТАУ ВОЛЬФРАМ- МОЛИБДЕН КЕНІ

АҚШАТАУ ВОЛЬФРАМ- МОЛИБДЕН КЕНІҚарағанды обл. Шет ауд-нда орналасқан. Кенді құрылымдары Ақшатау гранит массивінің гранит-порфир, гранит-аплит және пегматит желілеріндегі штокверк тәрізді кварц сызаттары мен сызықтарынан тұрады. 300-ден астам желілі және грейзен-желілі (қ. Грей— зен) кен денелерінің ұзындондаған м-ден жүздеген м-геқалындбірнеше м-ге жетедіОлардың ірілері бұтақтана тарамдалған. А. в.-м к-нде 95 минерал белгілінегізгілері — кварц, мусковит, топаз, пирит, вольфрамит, молибденит, флюорит; сирек кездесетіндері — турмалин, калий шпаты, цеолит, шеелит, касситерит, т.бСондай-ақтаза ірі пирит, раухтопаз, морион кристалдары да бар. Өндірістік маңыздылары — вольфрамит пен молибденит. Вольфрамит грейзен денелерінде ұсақ түйіршіктер мен сызықтар, ал желілерде мөлш. 10 — 20 см- ге жететін жеке кристалдар мен кристалдар шоғырын құрайды. Молибденит кварц грейзендерінде ұсақ түйіршіктер мен қабыршақтар түрінде, ал кен денесінің бетінде шоғырланған және тұтас сызаттар түрінде кездеседі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *