АҚТОҒАЙ — Шығыс Қазақстан обл-ның Аягөз ауд-ндағы кент, т.ж. ст. Облыс орталығы — Өскемен қ-нан оңт.-батысқа қарай 440 км жерде, шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 4,4 мың адам (1997). Іргесі 1929 ж. қаланған. 1944 жылдан кент. Қытай Халық Республикасымен экон. байланыстарды күшейтуге байланыста 60-жылдардың басында Достық (Дружба) т. ж. ст-на дейін ұз. 304 км т. ж. салынуға байланысты А. ірі т. ж. торабына айналды. Кентте мектептер, емхана, мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар.