АҚТОҒАЙ

АҚТОҒАЙ — ауыл. Павлодар обл-ның Ақтоғай ауд-ның орталығы. Облыс орталығынан батысқа қарай селеу шөп өскен құрғак дала белдемінде орналасқан. Жақын т. ж. стансасы — Жолқұдық (109 км жерде). Тұрғыны 5,3 мың адам (1997). Бұрынғы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, аурухана, емхана, мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары облыс орталығымен, басқа елді мекендермен автомб. жолдары арқылы қатынасады.  

АҚТОҒАЙ — ауыл. Қарағанды обл-ндағы Ақтоғай ауд-ның орталығы (1931). Қарағандының оңт.-шығысында 270 км жерде, Тоқырауын өз-нің оң жағалауында орналасқан. Төңірегін Жосалы, Шатырша, Ақтоғай таулары алып жатыр. Ең жақын т. ж. стансасы — Балқаш (190 км жерде). А-дың іргесі 1926 ж. Басши артелінің орталығы ретінде қаланған. Тұрғыны 4,2 мың адам (1997). Ауылда орман өсіру ст., кәсіптік-тех. уч-ще, баспахана, 2 орта мектеп, спорт, музыка мектептері, аурухана, емхана, мәдениет үйі, кинотеатр, кітапхана, халық театры бар. Аудандық “Арқа еңбеккері” газеті шығады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *