АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ — Павлодар обл-ның солт.-батысындағы әкімш. аудан. Аум. 9,7 мың км2. Тұрғыны 23,9 мың адам (1997). Орталығы — Ақтоғай а. А. а. Батыс Сібір ойпатындағы Ертіс өз-нің батыс жағалауын алып жатқан Солт. Қазақстан жазығында, дала белдемінде орналасқан. Пайдалы қазбалары: ас тұзы, құм, саз балшық, Климаты аса континентгік, қысы суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтарда орт. ауа темп-расы -17— 19°С, шілдеде 20 — 21°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 250 — 300 мм, Ертіс өз. бойында 200 — 250 мм. Ауданның шығыс жақ шекарасы бойымен Ертіс өз. ағады, батыс жағында Шідерті, Өлеңті өз-дерінің төменгі ағыстары бар. Ауд. аумағында: Жалаулы, ШолақсорБестұзТайқоңыр к-дері орналасқан. Аудан жері, негізінен, қоңыр қызғылт топырақты, көлдер төңірегі сортаң топырақты болып келеді. Өсімдігі батыста бетегеселеу, шығыста селеу аралас әр түрлі шөптерден тұрады. Ертіс бойында балқарағай, терек, үйеңкі, тал, тобылғы өседі. Жануарлардан: қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, саршұнақ, аламан, күзен, суыр, кірпішешен, қосаяқ, ондатр; кұстардан: кезқұйрық, қаршыға, үкі, бөктері, қаз, үйрек, аққу, тырна, шағала, қызғыш, тауқұдірет, қараторғай, бозторғай мекендейді. Ауданда құрылыс материалдары мен құралымдары комбинаты, 2 май з-ты, 2 астық қабылдау пункті жұмыс істейді. А. а., негізінен, а. ш. ауд. А. ш-на жарамды жері 976,2 мың га шамасында (1997), оның 377,7 мыңы (га) егістік, 3,5 мыңы шабындық, 528,3 мыңы (га) жайылым. Осыған байланысты А. а-нда егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы жақсы дамыған. Ауданның орт. бөлігімен батыстан шығысқа қарай Макинск — Ақсу- Ақтоғай автомоб. жолы, шығыс жағынан Ертіс өз-нің батыс жағасын бойлай Омбы- Павлодар — Семей автомоб. жолы өтеді, аудан ішінде ауыларалық жолдар тараған. Ауданда мәдениет, үйі, балабақша, бастауыш, 8 жылдык, орта мектептер, ауруханалар, клубтар бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *