АҚТЕРЕК

АҚТЕРЕК — Алматы обл-ның Жамбыл ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы — Ұзынағаш а-ның батысында 85 км жерде, Жетіжал жотасының солт. етегінде орналасқан. Тұрғыны 3,0 мың адам (1997). Ауыл қоңыржай-қуаң тау алды агроклиматтық белдемде жатыр. Онда орта мектеп, клуб, аурухана, т.б. мәдени орындар бар. А. тұрғындары ауд. орталық — Ұзынағаш а-мен, елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *