АҚТАУ ТЕҢІЗ САУДА АЙЛАҒЫ, Ақтау порты-Каспий теңізінің оңт.-шығыс жағасындағы халықаралық жүк тасымалы жүйесінде аса маңызды орын алатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын. Азия және Еуропапың көптеген елдерінің су мен құрлық, т.ж., әуе жолдарының тоғысар торабында орналасқан. Ақтау қ-ндағы бұл айлақтан кемелер Каспий теңізі арқылы Астраханға, одан Еділ — Дон каналы арқылы Қара теңізге, одан әрі Жерорта теңізіне, мұхиттарға шыға алады. Ақтау айлағынан шығатын теңіз жолдарының екеуі Иранның солт. айлақтарына, біреуі Бакуге жүк жеткізеді. Ақтауға келіп түскен жүк т. ж., автомобиль жолдары арқылы өз елімізге, Сібірге, Шығыс елдеріне тарайды. Қазақстан шетелдерге шикізат, әсіресе, мұнай өнімдерін жөнелтсе, респ-ға шеттен Сан алуан жабдықтар мен тауарлар тасылады.
1996 ж. Ақтау айлағы 275 мың т құрғақ жүк, 100 мың т шикі мұнай жөнелтті. Қазір жылына 300 мың т құрғақ жүк, 1,2 мың т шикі мұнай тасылды. Ал оның толық қуаты 700 мың т құрғақ жүк, 6 млн. т шикі мұнай. Айлақты жүк өңдеудің озық технол-сымен толық қамтамасыз етудің, кемелердің айлақтағы еркін қозғалысына жағдай жасаудың, жағаға автомобиль, т.ж. желілерін тартудың кең тынысты, келелі шаралары жасалған.