АЛҚА (Solanum)

АЛҚА (Solanum) — алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Орман алқабында, қалың шөп арасында, өзен-көл жағалауында, бұлақ маңында өседі. Оның Қазақстанда: ащы А., түксіз А., картоп, баклажан, парсы А-сы, қара А., ольга А-сы сияқты 7 түрі бар. Биікт. 20 — 80 см, кейде 2 — 3 м келеді. Сабағы тік не жайылып өседі. Жапырағы бүтін жиекті, қалақ не күрделі қауырсын пішіндес. Гүлі ақ, кейде көкшіл түсті. Ол қалқан тәрізді гүл шоғырына шоқталған. Маусым — тамыз айларында гүлдеп, шілде — қыркүйекте жемістенеді. Жемісі — жидек. Жемісі мен сабағында соланин алкалоиды бар. Шикі жемісі мен сабағы, жапырағы улы болады. Қара А-ның жемісін тамаққа пайдаланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *