АЛҒА — Ақтөбе обл-ндағы қала, Алға ауд-ның орт., т. ж. ст. Ақтөбе қ-ның оңт-не қарай 45 км жерде, Елек өз-нің сол жағалауына орналасқан. 1930 ж. хим. комбинатының құрылысы басталуына байланысты іргесі қаланды. 1961 ж. кенттен қ-ға айналды. Халқы 15,1 мың (1997). А-да Қазақстандағы ірі хим. кәсіпорындардың бірі, минералдық тыңайтқыштар өндіретін Ақтөбе хим. комбинаты акцион. қоғамы жұмыс істейді. Қалада нан, май з-ттары, Ақтөбе мед. колледжінің бөлімшесі, емхана, аурухана, дәріхана, кәсіптік-тех. колледжі, орта, музыка және спорт мектептері, кинотеатр, кітапхана, баспахана, сан.-эпидемиол. ст., стадион және жүзу бассейні бар. А. арқылы Орынбор — Ташкент т.ж., Ақтөбе — Атырау автомоб. жолы өтеді.