АЛМАТЫ — Алматы обл-ның орталығы, республикалық мәртебесі бар қала. Қазақстанның оңт.-шығысында, Іле Алатауының солт. баурайында орналасқан. Аум. 190 км2, тұрғыны 1,06 млн. адам (1998). 1929 жылдан 1997 ж. қазан айына дейін Қазақстанның астанасы болды. 6 қалалық әкімш. ауданға бөлінген. Жергілікті басқару органы — А. қ-лық әкімшілігі.
Табиғаты. А. Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, т.б. өз-дер атырабында орналасқан. Қаланың айналасы, негізінен, таулы, сайлы-жыралы келеді. Қала маңындағы биік таулы еңіс (3000 — 5000 м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі. Тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Тау етегіне ұштасып жататын жазық өңір, негізінен, борпылдақ жыныстардан және малтатасты-дөңбектасты шөгінділерден түзілген. Оның беті лёсті (сары, борпылдақ топырақ), құмды-сазды қабаттардан тұрады. Таудан келген жер асты және жер беті ағындарының сүзілуі нәтижесінде жер асты суының мол қоры жиналған. Мұнда апатты жер сілкінулері болған (28.5.1887; 22.12.1910). Сондай-ақ лайлы тасқындар мен сел қатері жиі байқалады. Таудан бастау алатын өзендерге сел тасқындарынан қорғайтын бөгеттер салынған (Медеу бөгеті, т.б.).
Қала және қала төңірегінде континентті климат қалыптасқан. Ауаның көп жылдық орташа темп-расы 9°С, ең жоғарғы темп-расы 43,4°С (тамыз, 1983), ең төменгісі -38°С (1968 — 69). А-да қаңтар айының орташа темп-расы -7,8°С, шілде айынікі 23,3°С. Жауын- шашынның жылдық орташа мөлш. 575 мм, таулық бөлігінде 1000 мм-ге жетеді. А-да орташа атм. қысым 926,3 гПа. Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың салалары — Қарғалы, Ремизовка, Казачка, Қарасу өз-дері ағады. А-ның топырағы мен өсімдігі биіктік белдеулер мен белдемдерде әр түрлі. Ең төменгі белдем (600 м) қаланың солтүстігінде. Одан жоғары 900 — 1300 м биіктіктегі қарашіріндісі (гумус) орташа қара топырақта әр түрлі шөп өседі. Келесі белдемнің (1300 — 1800 м) қара топырағын ылғалды-шалғын және шыршалы орман басқан. А-ның төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзіне әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім, т.б. жеміс және көкөністер өседі. Жануарлар дүниесінен құстың 141 түрі, сүтқоректілердің 50- ге тарта түрі кездеседі.
А-ның 2,5 мың жылдық тарихы бар. Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құраған тайпалар мекен еткен. Іле Алатауының етегіндегі Алмату қ. туралы алғашқы жазба деректер Рашид әд-Диннің шығармаларында кездеседі. Бабыр Шыңғысхан шапқыншылығынан қираған Алмалық, Алмату қ-лары туралы жазады. Археол. зерттеулер қазіргі А-ның орнында ертеректе сақтар, кейінірек үйсін, орта ғ-да дулат тайпалары өмір кешкен елді мекендер мен қалашықтар, Алмалық пен Алмату қ-лары (екеуі екі басқа қала) болғандығын дәлелдеп отыр. Бұл қалалардың қираған құрылыстарын 1251 — 59 ж. француз королі Людовик ІХ-ның елшісі және Қытай саяхатшысы Чжан Дэ өз көздерімен көргендіктерін жазған. Алмату қ-ның аты жазылған күміс ақшалар, сақтардың 25 барыс бейнесімен безендірілген “Жетісу құрбандық табағы”, ғажайып “Қарғалы диадемасы” бұл жердің мыңдаған жылдық тарихы бар өркениетті өлкенің орталығы болғандығын көрсетеді. Өңірдің Ресейге қосылуына байланысты қаланың ежелгі орнына 1854 ж. Заилийск (кейін Верный қ.) бекінісі салынғанға дейін бұл жерде отырықшы және жартылай отырықшы қазақтар тұрған. А. 1867 ж. құрылған Жетісу облысының әкімш. орталығына айналып, қала атанды. Мұнда 1918 ж. 2 наурызда Кеңес үкіметі орнады. 1921 ж. оған өзінің ежелгі А. атауы қайтарылды. 1927 ж. 3 сәуірде Кеңестердің бүкіл- қазақстандық 6-съезінде А. Қазақстанның астанасы болып жарияланды. Респ. астанасының А-ға көшуі (1929) қаланы аса ірі саяси-әкімш., ғыл.-мәдени және экон. орталыққа айналдырды. Қаланың жедел қарқынмен дамуына Түрксіб т.ж-ның салынуы үлкен әсер етті. 30-жылдары А- да ондаған ірі өнеркәсіп орындары іске қосылды. Тұңғыш автобус маршруты (1927), трамвай (1937), троллейбус желісі (1944) пайда болды. 2- дүн. жүз. соғыс жылдары (1941 — 45) А-ға КСРО-нын батысынан 30-дан астам кәсіпорын, 8 госпиталь көшірілді. Қала тұрғындары майданға жан-жақты көмек көрсетті. Соғыстан кейін А. бірте-бірте Орталық Азиадағы өркениетті ірі қала қатарына қосылды. 1986 ж. желтоқсанда әкімшіл- әміршіл билікке қарсы қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі болды. 1991 ж. 16 желтоқсанда А-да Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланды. Сол жылғы 21 желтоқсанда А-да Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келді. 1992 ж. А-да дүн. жүз. қазақтарының құрылтайы болып өтті.
Қала құрылысы арнайы ойластырылған жоба бойынша салынған. 1908 жылғы жоспар бойынша А. батыс және оңт.- батыс бағытқа кеңейіп, оңт. шекара Басарық (қазіргі Абай даңғылы), ал батыста Қастек (қазіргі Қожамқұлов) көшесіне жетті. 1930 —35 ж. темір- құйматастан, күйген кірпіштен құралған, жер сілкінісіне төзімді материалдардан салынған Байланыс үйі, Ішкі істер министрлігінін клубы, Түрксіб т.ж. басқармасы, “Алатау” кинотеатры, т.б. алғашқы ірі ғимараттар бой көтерді. Соғыс жылдары Опера және балет театры (1941), ал 1950 ж. Қазақстан ҒА-ның бас ғимараты мен Үкімет үйін салу қолға алынды. А. — респ-дағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің белгілері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғамдықпен үндестік тапты. А-да әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инж.-архит. шешіммен көзге түседі. Қаладағы Респ. алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, ҒМ — ҒА және Ұлттық кітапхана ғимараттары, М. Әуезов атынд. драма театры, “Қазақстан”, “Отырар”, “Рахат-Палас”, “Анкара”, “Достық” қонақүйлері, Студенттер сарайы, Балуан Шолақ атынд. спорт сарайы, Медеу спорт кешені, Республикалық Орталық музей, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді. 1995 жылдың басында қалалық тұрғын үй қорының жалпы алаңы 20 млн. шаршы метрден асты. 1988 ж. метрополитен құрылысы қолға алынды.
А. — ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Верный қ-нда 1914 ж. 20 мектепте 3 мыңнан астам оқушылар болды. 1930 ж. А-да жалпы халыққа бірдей сауат ашу жүйесі енгізілді, 1927 — 40 ж. арасында мектеп саны 24-тен 58-ге жетті. Олардағы оқушылар саны 40 мыңнан астам болды. Жалпыға бірдей орта білім беру жоспары жүзеге асырыла бастады. 1960 ж. қаладағы 82 мектептің 50-і орта мектеп болып қайта құрылды. 1990 ж. информатиканы оқыту және мектептерді компьютерлендіру жолға қойылды. 1995 — 96 оқу жылында қаладағы мектеп саны 168-ге, ондағы оқушылар саны 152 мыңға жетті. 1913 ж. ұйымдастырылған мұғалімдер семинариясы қаладағы арнаулы орта білім беретін алғашқы оқу орны болды. 1918 ж. Жетісу шаруашылық уч-щесі 1930 жылдан бастап құрылыс, т.ж. көлігі, байланыс техникумдары, муз. уч-ще (1932), хореогр. уч-ще (1934) ашылды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында(1940ж.) А-да 10 техникум мен уч-ще жұмыс істеді. 1996 — 97 ж. қалада 20 арнаулы орта білім беру мекемелерінде 26 мыңнан астам оқушы қамтылды.
Алғашқы жоғары оқу орны А- да 1928 ж. ашылған Қазақ мемл. пед. ин-ты болды. 1929 ж. Зоотехникалық-мал дәрігерлік ин-ты, 1930 ж. Ауыл ш. ин-ты, 1931 ж. мемл. мед. ин- ты, ал 1934 ж. Қазақ мемл. ун-ті ашылды. Бұл алғашқы ашылған жоғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының қалыптасуы мен жетілуіне зор ықпал жасады. Одан кейінгі жылдары А-да әр салаға байланысты, әр бағытты қамтитын жоғары оқу орындары ашылды. Кейбір инт- тардың ірі фак-ттері жеке ин- т, ун-т және академия болып бөлек құрылды. Қазір (1998) қалада 18 мемл. бюджеттегі жоғары оқу орындарында 100 мыңнан астам студент оқып, білімдерін жетілдіруде. Верныйда Орталық Азияны зерттеуші көптеген ғалымдар мен саяхатшылар тұрған (П.ІІ. Семенов-Тянь-Шанский, И.А. Мушкетов, Н.М. Пржевальский, Г.Н. Потанин, В.В. Бартольд). 1856 — 64 ж. аралығында Ш. Уәлиханов Верныйға жиі келіп тұратын. Алғашқы ғыл. мекемелер ең алдымен а.ш-на байланысты құрылды. 1930 ж. Қазақ АКСР мемл. жоспарлау комиссиясы жанынан Экон. зерттеулер ин- ты ашылды. А-да Бас геол. комитетінің және Мемл. түсті металлургия ин-тының бөлімшелері жұмыс істей бастады. Сол жылдары есімі әлемге әйгілі ғалымдар А.А. Гапеев пен Д.К. Бурцев, М.П. Русаков, Қ.И. Сәтбаев, Р.А. Борукаев, И.П. Бардин, Л.С. Берг, А.Е.Фаворский, В.Г. Фесенков, В.И. Вернадский, т.б. еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін Қазақстан ҒА-сы құрылды(1946). Оның тұңғыш президенті болып акад. Қ.И.Сәтбаев сайланды. Академияның құрылуы Қазақстанның табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экон-ның, ғылым мен мәдениетінің гүлденуіне кең жол ашты. Мұнда қазір 70-тен астам ғыл.мекемелер бар. ҚР Ғылым Министрлігі – ҒА-ның 34 ғыл.мекемелерінде ғана 10 мың адам ғыл.-зерттеулер жүргізген (1996). Оларда 53 акад., 140-тан астам корр. мүшесі, 446 ғыл.докт.және 1600-ден астам ғыл.кандидаттары қызмет істейді.
1931 ж. қалада дәрігерлер дайындайтын респ-дағы алғашқы Мемл. мед. ин-ты ашылды. Оның негізінде А-да бірнеше ғыл.-зерт. (1995 ж. 13 ғыл.- зерт. ин-ты) құрылды. Қазір (1998) қаладағы 30-дан астам амбулатория-емханаларда және 40-тан астам емханаларда, меншіктің барлық түріндегі емдеу-профилактикалық және мамандандырылған диспансерлерде қала халқына мед. көмек көрсетіледі. 1935 — 92 ж. аралығында мед. саласында 895 ғыл. канд. мен 140 ғыл. докт. дайындалды. Респ. және қалалық мед. колледжде 9 мыңнан астам орта буынды мед. қызметкерлер дайындалды. 1997 ж. 1 қаңтарда А-да 9,4 мың дәрігер және 12,3 мың орта білімді мед. қызметкерлері болды.
А. спорт жағынан респ-да жетекші орын алып келді. 1932 ж. алғашқы маманданған Қазақ респ. спорт техникумы, 1944 ж. Қазақ дене тәрбиесі ин-ты ашылды. 1929 ж. “Локомотив”, 1931 ж. “Динамо”, 1936 ж. “Спартак” (қазір велотрек) стадиондары, ал 1958 ж. Орталық стадион іске қосылды. Одан кейінгі жылдары “Динамо”, “Спартак”, “Локомотив”, “Буревестник”, “Еңбек резервтері”, ал 1957 ж. “Еңбек” ерікті спорт қоғамдары ұйымдастырылды. Қазақстан спортшылары ішінде алматылықтар алғаш рет Еуропа, Азия, Әлем чемпионаттарына және Олимпия ойындарына қатысып, олардың жүлдегерлері немесе жеңімпазы болды. А-да қазір 500-ден астам дене шынықтыру ұжымдарында 350 мыңдай адам спортпен шұғылданады (1996). Олардың қарауында 18 спортклуб пен 10-нан астам стадион бар. 1997 ж. А-да тұңғыш рет Орталық Азия ойындары өтті.
А. респ-дағы негізгі туризм орталығы болып саналады. Қалада “Иасауи”, “Спутник Казахстана”, “Туран-Азия”, “Квадротур”, “Гиацинт-Рахат”, т.б. туристік фирмалар орналасқан. Олардың бес жұлдызды “Анкара”, “Рахат-Палас” (Марко Поло), үш жұлдызды “Отырар”, “Астана”, “Достық” атты туристік инфрақұрылымдары бар.
А-да М.О. Әуезов атынд. академиялық қазақ драма театры, М.Ю. Лермонтов атынд. академиялық орыс драма театры, Ғ.М. Мүсірепов атынд. академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абай атынд. академиялық опера және балет театры, Ұйғыр және Корей музыкалы театрлары, Жамбыл атынд. Қазақ мемл. филармониясы, Орталық концерт залы сияқты танымал мәдени орталықтар бар. Көп жылдар бойы Жазушылар, Журналистер, Композиторлар, Кинематографистер, Сәулетшілер, Суретшілер Одақтары Басқармаларының орналасуы, жетекші ғылым, өнер, әдебиет қайраткерлерінің қызмет етуі А-ны респ-ның рухани орталығына айналдырды. 1990 ж. бері А-да жыл сайын өткізілетін халықаралық “Азия дауысы” музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналды. 1994 — 96 жылдары А-да Тәуелсіздік монументі, Әбу Наср әл-Фарабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Ә. Молдағұлова мен М. Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.
А. — Қазақстанның ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы. Мұнда машина жасау өнеркәсібінің “Алматы ауыр машина жасау зауыты”, “Поршеньзауыты”, “Электроприбор”, жеңіл өнеркәсіпте “Алматы мақта-мата комбинаты”, “Жетісу”, “Қыз Жібек”, т.б. іргелі акцион. қоғамдары жұмыс істейді. Қалада 968 мемлекеттік кәсіпорын, 11494жекеменшік, 513 біріккен кәсіпорын, 317 шетелдік кәсіпорын бар. Олар 1997 ж. 41,5 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары 11 мыңнан асады. Алматыда 54 дербес банк және 30 банк филиалы жұмыс істейді. Қала кәсіпорындары АҚШ, Италия, Түркия, Германия және Ресей фирмаларымен іскерлік қатынастары дамуда. А. — еліміздің ең ірі көлік және байланыс торабы. 1992 ж. маусымда Алматы — Үрімжі т.ж. көлігі тұрақты қатынай бастады. А. әуежайы Жер шарының кез келген мемлекетімен байланысуға мүмкіндік береді. Қала қаржы мен сауданың халықар. орталығы мәртебесін сақтап қалды. Кзлалық бюджет 10 — 12 млрд. теңгені құрады (1997).