АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІ

АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІ — құрылысшы мамандарына арнаулы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны. 1930 ж. Алматы құрылыс техникумы болып ашылған. Алғашқы жылы “Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс” мамандығына 120 адам қабылданды. Техникум 1993 ж. 23 наурыздағы ҚР Білім мин-нің бұйрығымен Алматы құрылыс және менеджмент колледжі болып қайта құрылды. Колледждің күндіз оқытатын бөлімінде: ғимараттар мен үй салу және пайдалану, сәулеттік ортаның дизайны, газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін пайдалану, менеджмент, экон., шаруашылық талдаудың бух. есебі, ішкі тех. сан. жүйелерді құру және пайдалану, есептеу машиналар кешені, жүйелері және торабы мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. 1997 — 98 оқу жылында 325 студент мамандық алды. Сырттай оқу бөлімі жұмыс істейді. Кітапхана, спорт кешені, жатақхана, 150 орындық асхана, ағаш шеберханасы бар. Жоғары білікті 55 оқытушы дәріс береді. Колледж жаңа ақпараттық оқу тех. мен компьютерлік тех-ны жасау, оларды оқу процесіне енгізу тұрғысынан аймақтық тірек орталығы болып табылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *