АЛМАТЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКА КОЛЛЕДЖІ

АЛМАТЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКА КОЛЛЕДЖІ — бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелерге тәрбиеші мамандар даярлайтын мемлекеттік арнаулы орта білім беретін оқу орны. 1978 ж. Алматы қалалық мектепке дейінгі тәрбие педуч-щесі болып құрылған. 1993 ж. №1 Алматы пед. колледжі, 1998 ж. №1 А. қ. п. к. болып қайта өзгерді. Колледждің күндізгі бөлімі қазақ тілі және әдебиет пәні мамандарын, бастауыш сынып мұғалімдерін және мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерін даярлайды. 44 мың дана қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Жоғары білікті 50 оқытушы дәріс береді. 1997 — 98 ж. колледжде 550, сырттай оқытатын бөлімінде 300 шәкірт оқыды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *