АЛМАТЫ ПОДШИПНИК ЗАУЫТЫ — сан алуан подшипник түрлерін жасауға мамандандырылған ұжымдық кәсіпорын. Зауыт 1938 ж. жөндеу шеберханасы негізінде құрылған. 1943 жылдан Алматы подшипник өңдеу зауыты болып аталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында зауыт қорғаныс өнеркәсібінің арнаулы тапсырыстарын орындады. 60- жылдары станоктар паркі түгелінен жаңартылып, 1977 —90-жылдары негізгі өндірістік жүйелері қайта құрылды. 1992 ж. А. п. з. ұжымдық кәсіпорны болып құрылды.