АЛМАТЫ ПАУЭР КОНСОЛИДЕЙТЭД

“АЛМАТЫ ПАУЭР КОНСОЛИДЕЙТЭД” (“АПК”) — Алматы және Алматы облысына электр қуаты мен жылу беретін жабық акционерлік қоғам, дүние жүзінің жүз елінде тұрмыстық және өнеркәсіптік қызметпен, электр куаты және газ саласындағы бизнеспен айналысатын халықар. “Трактабель” компаниясының еншілес кәсіпорны. 1996 ж. тамызда Қазақстан үкіметі мен “Трактабель” компаниясы арасында жасалған “Алматы-энерго” өндірістік энергет. бірлестігінің активтерін (барлық материалдық құндылықтар, қаржы, т.б.) сатып алу туралы шартқа сәйкес құрылды. 

“АПК” Қазақстанның оңт. өңіріндегі газды ең көп тұтынатын кәсіпорын. Мұнда барлық қуат өндіретін ст-ларды газ тұтынуға көшіріп және оның көлемін жылына 1,5 млрд. куб м-ге жеткізу көзделіп отыр. Компания бөлімшелерінің құрамына Алматы обл-ндағы аумағы 85000 кмэлектр қуаты мен жылу өндіретін және тарататын объектілер кіреді. 583944 электр тұтынушыға және 205000 жылу тұтынушыға қызмет көрсетеді. 8500 адам еңбек ететін компанияның су және жылу электр ст-лары 1307 МВт электр қуатын және 3000 МВт жылу қуатын өндіре алады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *