АЛМАТЫ МАҚТА-МАТА КОМБИНАТЫ

АЛМАТЫ МАҚТА-МАТА КОМБИНАТЫ, Озат акционерлік қоғамы — Қазақстандағы мақта талшықтарынан жіп иіріп, мата тоқитын ірі кәсіпорын. Комбинат құрылысы 1961 ж. басталып, 1965 жылдан өнім шығара бастады. 1965 ж. қуаты 123,9 мың шүйке иіретін және 2220 тоқу станогы бар 1-ф-ка іске қосылды. 1968 ж. жылына 74,6 мың м мата тоқитын өңдеу ф-касы жұмыс істей бастады. 1970 ж. 119мың ұршығы және 1922 пневмоқылышты тоқу станогы бар 2-иіру-тоқу ф-касы іске қосылды. Комбинат 1992 ж. Алматы мақта-мата комбинаты — Озат акцион. қоғамы болып қайта құрылып, жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. Комбинат өнімдері Ресей, Түрікменстан, Украина, Белоруссия респ-ларына шығарылады. Комбинат құрамында өндірістік құрылымдармен бірге мәдени-әлеум. салалар да бар. Олар: 1981 ж. салынған Мәдениет сарайы, еңбек даңқы мұражайы, 3 кітапхана, кәсіптік-тех. уч-ще, жастар жатақханалары, санаторий-профилакторий, балалар мекемелері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *