АЛМАТЫ МАРГАРИН ЗАУЫТЫ

АЛМАТЫ МАРГАРИН ЗАУЫТЫ — Алматы қ-ндағы маргарин, асқатық май, майонез түрлерін шығаратын кәсіпорын. Зауыт негізі 1961 ж. қаланған. 1994 ж. “Алматы маргарин зауыты” акцион. қоғамы болып қайта құрылды. Кәсіпорын маргарин өнімдерінің “Шоколадный”, “Сливочный”, “Молочный”, “Солнечный”, “Радуга” секілді 10 түрін және асқақататын “Өсімдік майы”, “Востоный”, “Украинский”, “Белорусский” атты кулинарлық майлар мен “Весна”, “Провансаль” секілді майонездер шығарады. 1997 ж. кәсіпорын қайта жабдықтаудан өткізіліп, тазартылған өсімдік майларын да шығара бастады. Кәсіпорынның Өскемен, Көкшетау, Орал, Петропавл қалаларында бөлімшелері және респ— ның барлық аймақтарында дерлік сауда орындары бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *