АЛМАТЫ ЛИКЕР-АРАҚ ЗАУЫТЫ

АЛМАТЫ ЛИКЕР-АРАҚ ЗАУЫТЫ — Алматы қ-ндағы спиртті ішімдіктер мен сусындар шығаратын кәсіпорын. Ол 1959 ж. шарап зауыты мен кондитер ф-касының ликер-арақ цехы негізінде құрылған. Мұнда арақтың, ликердің (шырын қосылған спиртті ішімдік), жеміс шараптарының, спиртті тұнбалардың, шырынды сусындардың, т.б. бірнеше түрлері шығарылады. Жылына шығарылатын өнім түрлерінің саны 32-ден 40-қа дейін жетеді. Кәсіпорын 1976 ж. Қазақ бальзамын, 1980 ж. “Алтынсу” ащы тұнбасын, 1981 ж. “Таулық” тәтті тұнбасын өндіруді игерді. Бұлар жергілікті дәрілік шөптер мен өсімдік тамырларынан, әр түрлі жемістерден дайындалады. Кәсіпорын 1997 ж. “Алматы ликер-арақ зауыты” ашық акцион. қоғамы болып қайта құрылды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *