АЛМАТЫ ЖОҒАРЫ БИ ӨНЕРІ МЕКТЕБІ — би өнері саласына жоғары білімді мамандар даярлайтын мемлекеттік оқу орны. Негізі Алматы би өнері уч-щесі (1934) болып қаланған. 1936 А.В. Селезнев атынд. Алматы би өнері уч-щесі болып қайта құрылды. 1994 ж. 22 маусымда уч- ще негізінде Алматы жоғары би өнері мектебі ұйымдастырылды. 1996 ж. 10 маусымда мектеп Т. Жүргенов атынд. Қазақ мемл. театр және кино ин-тының құрамына “Би өнері” ф-ті болып енді. Онда 60 студент би өнері педагогі және би өнері режиссері мамандықтары бойынша білім алады. Факультет шәкірттері арасында атақты балет бишілері ҚР-ның халық артистері және еңбек сің. артистері, халықар. фестивальдардың жеңімпаздары Г. Тұтқыбаева, М. Түкеев, Л. Әлпиева, Г. Саитова, Е. Асылғазинов, Л. Ли, т.б. бар. Мұнда балетмейстер өнері, классик., халықтық-сахналық, дуэттік-классик., қазақбилері, би өнері мұрасы, қазіргі би өнерінің бағыттары, музыка тарихы, би өнері театры, би сазы өдебиеті, фортепиано, т.б. пәндерден дәріс беріледі. Ф-те белгілі өнер шеберлері Б. Аюханов, 3. Райбаев, Д. Әбиров, С. Көшербаева, М. Тлеубаев, т.б. сабақ береді. 1997 ж. ф-т алғашқы 10 жоғары білімді маманды даярлап шығарды.