АЛМАТЫ ЕТ-КОНСЕРВІ КОМБИНАТЫ

АЛМАТЫ ЕТ-КОНСЕРВІ КОМБИНАТЫ, “ Қ ұ л а н ” акционерлік қоғамы — Алматы қ-ндағы ет өңдеуге, шұжық түрлерін, ет консервілерін, құс етін даярлауға, дәрі-дәрмектік заттар әзірлеп, сүйектен ұнтақ жем өндіруге, тері тұздауға мамандандырылған кәсіпорын. Комбинат 1938 ж. іске қосылған. 1991 ж. “Тұлпар” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 1994 ж. “Құлан” акцион. қоғамы деп аталды. 1997 ж. кәсіпорыннан “Құланавтобаза”, “Энергия”, “Нұр әлем”, “Алматы ет” акционерлік қоғамдары бөлініп шықты. Кәсіпорын бірнеше рет қайта жабдықталып кеңейтілді. Барлық жұмыс процесі механикаландырылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *