АЛМАТЫ АҚЖАПЫРАҒЫ

АЛМАТЫ АҚЖАПЫРАҒЫ (Jurinea almaatensis) — күрделі гүлділер тұқымдасының ақжапырақ туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның Іле және Күнгей Алатауында ғана кездеседі. Биікт. 25 — 40 см. Жай немесе бұтақталған сабағы бар. Қасаңдаған жапырағының жоғарғы жағы жасыл, түксіз, жіңішке, ал төменгі жағы — тілімденген бозғылт. Дара гүл шоғырының орамжапырақтары сыртқа қарай қайырылып келеді. Гүл күлтесі ашық қызыл түсті болады. Тұқымынан көбейеді. Маусым — шілдеде гүлдеп, тамызда жеміс береді. А. а. — өте сирек кездесетін өсімдік. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *