АЛМАТУ

АЛМАТУ — орта ғасырлардағы қала орны. Қазіргі Алматы қ.тұрған жерде орналасқан. А-дан қалған ескерткіштер 20 ғ-дың 40—50 жылдарына дейін сақталған. Оларды алғаш 1938 ж. өлкетанушы Б.Н. Дублицкий зерттеген. “Тауқыратындағы” (“Горный гигант”) қазба жұмысы жүргізілген төбе үстіне кейін үйлер тұрғызылған. Төбенің көлемі 140×150, солт.-батыс қабырғасынан тік бұрышты алаңша (85×40 м) қосылған. Биікт. 0,5 — 0,7 м келетін қабырғамен қоршалған, бұрыштарында дөңгелек мұнаралары болған. Үстінен жиналған ыдыс сынықтары 10—12 ғ-ға жатады. Осындай құрылыс орны Ботаника бағының орнында да болған. Ол жерден 1969 ж. бірнеше құмыралардан, сырлы сапты аяқтардан және үлкен хумнан тұратын көмбе табылды. Табылған ыдыстар 11 — 12 ғ-ға жатады. Шекарашылар мектебінің терр-нда жүргізілген құрылыс жұмыстары кезінде орта ғасыр ұстаханасының орны ашылған. Әр жылдардағы қазба жұмыстары кезінде Шағатай мемл-де 1271 — 72 ж. Масуд бек реформасынан кейін соғылған теңгелер табылған. Бір бетіне соғылған жерінің аты көрсетілген. Бұның бәрі А. 10 — 14 ғ. аралығындағы ірі қала орны болғанын дәлелдейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *