АЛМАНОВ Баймен

АЛМАНОВ Баймен (1896, Ақтөбе обл. Ырғыз ауд. — 1943) — Қазақстандағы кеңес құрылысына белсене қатысу-шы. Ақтөбе мұғалімдер семинариясын бітірген (1916). 1917 ж. күзінде Торғай обл. комиссары тарапынан қуғынға ұшырады. 1918 — 20 ж. қызыл партизандар отряды командирлерінің бірі, Ырғыз коммунистерінің жетекшісі, уездік ревком төрағасы болды. 1920 — 21 ж. Қазақ АКСР кеңестерінің 1 және 2-съездерінде А. ОАК-нің хатшысы болып сайланды, Қазақстанның Түркістан АКСР-і ОАК-дегі өкілетті өкілі болды. 1922 — 23 ж. Адай ревкомының төрағасы қызметін атқарды. Адай — түрікпен дау-таластарын реттеуге, Қазақстан шекарасын межелеуге белсене араласты. А. Алашорда қайраткерлеріне қарсы жүргізілген саяси науқандарға қатысты. 1931 жылдан бастап Қазақ пед. ин-тының және ұлт мәдениеті ғыл.- зерт. ин-тының директоры болды, ғыл.-пед. және шаруаш. қызметтер атқарды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *