АЛА ЖІП КЕСУ

АЛА ЖІП КЕСУ — қазақ халқының дәстүрлі іс жүргізу құқығының арнайы институты. Қалыптасқан дәстүр бойынша А. ж. к. рәсімі негізінде талапкер мен жауапкердің арасындағы дау-дамайдың аяқталғандығын білдіреді. Әдетте, жіптің бір шетін талапкер, екінші шетін жауапкер ұстап, керіп тұрады. Төрелік айтып, дауды шешкен би немесе ауылдың құрметгі ақсақалы бүкіл халық алдында дауласушылардың арасында керулі тұрған ала жіпті екіге бөліп, кесіп тастайды. А. ж. к- ден кейін дауласушы жақтардың бір-біріне талап қоюға құқылары жоқ. “Ала жіпті аттамаған’ деген сөз осыдан шыққан. А.ж.к. дәстүрлі құқықтық санада әділеттіліктің рәмізі, әдептіліктің нышаны ретінд қалыптасып кеткен. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *