АЛАНДАР, Яньцай

АЛАНДАРЯньцай — көшпелі тайпалар бірлестігі. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңы мен б.з. 1-мыңжылдықтың басында Бат.Қазақстан мен Солт. Кавказ даласын мекендеген. А. этногенезінің алғашқы кезеңі Орта Азия мен Қазақстанның ішкі аудандарымен байланысты. А. тайпаларының топтасуы туралы алғашқы дерек қытай (“Ши цзи”) жазбаларында көрсетілген. Бұл дерек бойынша б.з.б. 1 ғ. Каспий мен Арал теңіздерінен Орал жоталарына дейінгі кең алқапты көшпелі Яньцай мекендеп, 100000-ға жуық әскер шығара алған. “Кіші Хань династиясы хроникаларында” (“Хоу Хань Шу”) б.з. 1 ғ-дың соңы мен 2 ғ. басында Яньцай аты Алания болып өзгертілгені жазылады. 1-мыңжылдықтың басында А-дың бір бөлігі батысқа қоныс аударады да, басым бөлігі Арал мен Каспий теңіздері аралығындағы байтақ далада өмір сүре береді. Мұны сол өңірдегі этнотопонимдер растай түседі. Мыс., Маңғыстау мен Үстірттегі қамалдар — ҚоңыраланСүмбетеміраланАлаңқала, т.б. А. мәдениеті («кейінгі сарматтар”) Арал-Каспий теңіздерінің солт-ндегі қорған ескерткіштері бойынша зерттелген. Одан А-дың қой, жылқы өсіргендігін айғақтайтын заттар табылған. Солт. Кавказ А- ның (осетиндердің ата-бабалары) көшпелі мал ш-нан егіншілікке ойысқаны байқалады; қ. Алания.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *