АЛАМАН (т.ө.ж.б.) — 15 ғ-да ғұмыр кешкен батыр. Руы — шекті. Ел аузында әділ би, ақылгөй парасат иесі ретінде қалған. Кейбір деректерде Дешті Қыпшақ ханы Әбілхайырдың қолбасшыларының бірі ретінде аталады. А. Әбілхайырдың Орта Азияға жасаған жорығына қатысқан.