АЛАМАН

АЛАМАН — жортуылшы топ. Көбіне, олжа түсіру үшін шапқыншылық жасауға жиналады. Сонымен бірге елге жау шапқанда қолына қару ұстай алатын адамдардан жиналған халық жасағы да кейбір түркі мемлекеттерінде А. деп аталған. Қоқан, Бұхар хандықтарында А. — осындай әскери жасақ болған. Казақ тілінде А. сөзінің бұқара, қауым, көпшілік, жалпы халық, бүкіл ел мағынасы сақталған. Сонымен қатар ертеректе хан тұқымына жатпайтын қара халықты да А. деп атаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *