АЛАКӨЛ

АЛАКӨЛ — Алматы жөне Шығыс Қазақстан обл-тарының аумағында орналасқан тұйық көл. Ол 12 — 19 ғ-да Гурге-нор (монғ. көпір-көл), кейін Алактагол, Алатеңіз, Алакта деп те аталған. Батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Көл теңіз деңгейінен 247,3 м абс. биіктікте орналасқан. Көл аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 2696 км2. Ұз. 104 км, ең кең ені 52 км. Жағалауының ұз. 384 км, орташа тереңд. 22,1 м. Ең терең жері 54 м. Көлдің су көлемі 58,56 км3. Су жиналатын алабы 47859 км2. Суы өте кермек. А-ге 15-тен астам үлкенді-кішілі өзендер құяды. Олардың бастылары: Ұрыжар, Қатынсу, Емелқұйса, Жаманөткел, Ырғайты және Жаманты. А. жағалауы, негізінен, төрттік дәуірдің түрлі тау жыныстарынан (саз балшық, құмды топырақ, қиыршықтас, ұсаққұм) тұрады. Көл суының қатуы да әрқалай. Тайыз бөлігі қараша айының аяғында, орта тұсы ақпанның басында тегіс қатады. Мұзқұрсау 2 айға дейін созылады. А. суында фтор мен бром көп. Зоопланктондардың 80 түрі кездеседі. Су өсімдіктерінен қамыс, қияқ, қоға, шалаң, су қарақұмығы, жебежапырақ, мүйізжапырак, т.б. өседі. Көлден 239 сазан, көксерке, алабұға және шармай ауланады. Көл маңы құсқа (жылқышы, аққу, шағала, көкқұтан, т.б.) бай. Жағалауында демалыс және емдеу мекемелері орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *