АЛАЙ ЖОТАСЫ — Алай аңғары мен Ферғана аңғарын бөліп тұрған Гиссар-Алай тау жүйесіндегі жота. Ол Қырғыз бен Тәжік республикалары аумағында орналасқан. Үз. 400 км, ең биік жері — 5539 м. Құмдақ сазды тау жыныстары мен тақтатастардан түзілген.
Биік таулы бедерінің көпшілік бөлігін қар мен мұздықтар басып жатыр. Тау етектері бетегелі-бозды құрғақ дала, орманды дала болып келеді. Альпі шалғындарын бұталар алмастырып отырады. А. ж-нда жалпы ауд. 811 м2 болатын мұздықтар, сондай-ақ шығыс бөлігінде Талдықасуы бар.