АЛАГҮЛІК (Lutta vesiatoria) — қатты қанаттылар отрядының зауза қоңыздар тұқымдасына жататын зиянкес қоңыз. Қазақстанда, Шығ. Қазақстан обл-нда кездеседі. Дене тұрқы 11-21 мм, түсі сарғыш жасыл келеді, жағымсыз иісі болады. А-тің даму мерзімі 1 жыл. Топыраққа бірнеше мыңдаған жұмыртқа салады. Дернәсілдері жабайы араның ұясында тіршілік етеді. Жалған қуыршақ сатысында қыстап, ересек қоңыз келесі мамыр — маусым айларында шығады. Оның қанында кантаридин уы болғандықтан дәрілік май (пластырь) алынады. Кептірілген коңыз медицинада пайдаланылады. Шетен, ұшқат және жеміс ағаштарының жапырақтарын, қара бидайдың масағын кеміріп, оны зақымдайды. Күрес шаралары мамыр — маусымда түрлі инсектицидтер себу.