АЛАБҰҒА ТӘРІЗДІЛЕР

АЛАБҰҒА ТӘРІЗДІЛЕР(Perciformes) — сүйекті балықтардың бір отряды. А. т-дің қазба қалдықтары жоғ. бор кезеңінен сақталған, көптеген түрі эоцен дәуірінде тіршілік еткен. А. т. бүкіл дүние жүзі суларында таралған. Олар өзендерде, теңіздерде тіршілік етеді, сондай-ақ өзендерден теңіздерге өрістеп шығатын жартылай өткінші түрлері де кездеседі. А. т-дің ғылымда 149 тұқымдасы, шамамен 1200-дей туысы және 6500-дей түрі белгілі. Денелерінің ұз. бірнеше см-ден 4 — 5 м-ге дейін жетеді де, ал салм. 10 — 12 кг-нан асады. Арқа қанаты үшкір тікен тәрізді және жұмсақ екі бөліктен тұрады. Бұл мүшелері кейбір түрлерінде қосылып кетеді, ал кейбіреулерінде жеке болады. Торсылдағы ішегімен жалғаспайды. Қазақстанда кәсіптік маңызы бар көксерке, берш, кәдімгі алабұға, балқаш алабүғасы сияқты түрлері тараған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *