АЛАБҰТА

АЛАБҰТА (Chenopodium) — алабұта тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер. Ол көбіне өзен, көл жағаларында, сор, сортаң, жерлерде өседі. Қазақстанда 20 түрі бар. А-ның биікт. 5 — 300 см-дей болады. Гүлі қос жынысты, шашақты гүл шоғырына топ- талған. А-ның к ә д і м г і  А. (Ch.album) және иісті А. (Ch.botrys) деп аталатын екі түрі бар. Кәдімгі А-ның биікт. 10 — 300 см-дей. Тік бұтақты сабағына ак түкті жапырақтары кезек орналасады. Гүлі қос жынысты, ақшыл сары түсті келеді. Маусым — тамызда гүлдейді, қыркүйекте жеміс береді. Тұқымында көптеген пайдалы заттар бар. Халық медицинасында пайдаланады. Тұқымын кебекпен араластырып, малға береді. Иісті А. сары жасыл түсті, хош иісті, биікт. 15 — 60 см-дей. Ұзынша келген жапырағы сабаққа кезек орналасады. Үсақ гүлдері шашақты гүл шоғырына топталған. Маусым — тамызда гүлдейді. Дәрілік өсімдік ретінде қан тамырларын, демікпе ауруларын емдеуге және қара күйе көбелегін жоюға пайдаланылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *