АҚ ҒҮНДАР

АҚ ҒҮНДАР (хундар, хуннулар, эфталиттер) — Еуропада ғұндар империясы үстемдік жүргізіп тұрғанда (5 ғ.) , 5 — 6 ғ-да Орта Азия, Ауғанстан, Пәкстан, Солтүстік және Батыс Үндістан, Шығ. Түркістанның бір бөлігінде пайда болған жауынгер көшпелі тайпалардың мемл. бірлестігі. А. ғ-дың этник. тегін көптеген зерттеушілер шығыс иран тайпаларына жатқызады. Саяси орталығы алғашында Балх (Тохарстан) болды, кейін Пайкентке көшірілді. Мемл. құрамында түрлі этник. топтар, соның ішінде түркі тайпалары болды. 5 ғ-дың басында Сасани әулетімен күресте А. ғ. жеңіске жетті. 484 жылдан бастап бірнеше ондаған жылдар қатарынан ирандықтар А. ғ-ға салық төлеп тұрған. А. ғ. үстемдігі орнаған жерлерде олардың мәдениетінің іздері қалды. Ғұндардың мәдени орталықтары болған қалалар түгел зерттелген жоқ. Археологтар Ташкент қ. түбіндегі ТопыраққалаВарахшадагы сарай орнын (Бұхара қ-нан 35 км жерде) қазған. А. ғ. мәдениетінен қалған археол. ескерткіштер олардың этник. құрамынан онша көп мәлімет бере алмайды. Ғұндардың түркі тілдес болғаны анық, алайда мемл. құрамында жергілікті иран халықтары басым болғандықтан, өскелең парсы мәдениеті мен тілінің әсері көп болған. Сол кездегі Византия тарихшысы Прокопий Кесарскийдің естеліктеріне қарағанда, А. ғүндардың бір бөлігі егіншілікпен, енді бірі дәстүрлі мал шамамен айналысқан. ГурганБалх, Самарқан, т.б. қ-лар арқылы Византия және Шығыс елдерімен сауда қатынасын жасаған. А. ғ. мемлекеті Үнді, Сасани және түркі билеушілерінің қысымымен 530 ж. Үндістанда, 560 жылдары Орта Азия мен Ауғанстанда біржолата ыдырап кеткен. 6 ғ-дың 2-жартысында Түрік қагандығы мен А. ғ. арасындағы қақтығыстар жиілей түсті. 563 — 567 ж. Түрік қағаны Истеми Иранмен одақ құрып, ақ ғұндар мемлекетін талқандады. А.ғ-дың иран мәдениетін қабылдаған бөлігі кейін ауған халқын құрады. Ал түрік мәдениетінде қалғандары Сыр бойындағы Оғыз мемлекетінің құрамына енді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *