АҚҚҰМ — Орал алды үстіртінің оңтүстігіндегі құмды алқап. Ақтөбе обл-ның Қандыағаш ауд-ндағы Темір өз-нің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 200 — 220 м биік- тікте орналасқан. Ұз. 23 км, ені 6 км. А-ның жер бедері төбешікті келеді. Құм беткейлері жусан (шағыр), қияқ, қау, көде, бетеге, жүзгін, т.б. шөптермен бекіген грунт суы жақын жатқан ойлауытты жерлерінде қамыс, тал шоғырлары өседі. Мал жайылымына қолайлы.