АҚҚЫЗ

АҚҚЫЗ (шын аты Мүгілсін Ахметқызы; 1897, бұрынғы Жезқазған обл-ның Балқаш қ- на жақын Қоңырат өңірінің Есалы деген жері — 7.5.1987, сонда) — күйші, әнші. Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырған. Жастайынан күйшілік өнерімен қатар, әншілікті де меңгерген. Қ. Байжанов, М. Ержанов сынды өнер саңлақтарының қасына еріп, ән салып Ә. Хасеновтен күйшілік шеберлігін шыңдаған. Тәттімбеттің “Қосбасар”, “Саржайлау”, “Сылқылдақ”, “Көкейтесті”, “Бестөре”, Тоқаның, Саймақтың күйлерін шебер орындаған. 

А. өз жанынан да бірнеше күй шығарған. “Қайран елім”, “Аққыз”, “Жетімқыз”, “Қос- басар” сияқты күйлері — өзіндік нақышы бар шығармалар. М. Хамзин, Ә. Әбенова, Ж. Омашев, Т. Түсіпбеков сияқты күйшілерге ұстаздық еткен. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *