АҚҚОЙЛЫ

АҚҚОЙЛЫ — Ұлы жүздегі дулат тайпасының құрамындағы ру. А. шежіресінің таратылуында бірізділік жоқ. Анығы — дулат тайпасының сиқым тармағынан бастау алатыны. Бір деректе сиқымнан Жәнібек (қарақойлы), Әлібек (аққойлы) тарайды да, Әлібектен — Есбол, Ескелді, Қара (аққойлы), Жәнібектен — Бабасейіт, Байсейіт, ҚұлансейітТоқсейіт (Қарақойлы) бөлінеді. Тағы бір дерек қарақойлыға Борас, ТоғатайБуасты жатқызады. Мұндай ұлыстар әзербайжан халқының құрамында да сақталған. Ерте орта ғасырларда оғыз-түрікмен тайпалары Сыр, Үргеніш, Әмудария жағалауын қоныстанып жүргенде солардың құрамында Қызылбас жеріне, одан әрі Тебриз, Бақы (Баку) маңына дейін жетсе керек. Аңыз бұл әулетті 14 — 15 ғ-да Тигр өз-нін жоғарғы сағасын мекендеген көшпелі түрік-оғыз тайпалары бірлестігі (қ. Аққойлы мемлекеті) билеушілермен туыстастырады. Қазақ шежіресі бойынша А-дан Ілебай, Сарлыбай, Қар- жау, Қайқы, Төле және Болат тарайды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *